Әлеуметтік көмек әлеумет үшін
Бүгінде еліміз әлеуметтің әлеуетін көтеру мақсатында жан-жақты шешімдер қабылдап, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын да арттыру жұмыстарын қолға алып келеді. Нәтиже де жоқ емес. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – «портал»), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылып келеді. Бұл оңай әрі тиімді тетік болып табылады.
Енді сол қызметтердің уақыты мен түрлерін айтып өтсек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі, орталыққа жүгінген кезде – орталық құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 жұмыс күн ішінде көрсетіледі. Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісімін алған күннен бастап – 15 жұмыс күн. Кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 жұмыс күні болып келеді. Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асады. Бұдан бөлек мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады. Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ал орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут болып бекітілген.
Қызмет көрсету нысаны, электронды, қағаз түрінде және проактивті болып келеді. Ал мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына берілетін ай сайынғы азық-түлік түріндегі көмек 2023 жылдың қаңтар айынан бастап әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленіп келеді. Әлеуметтік осал топтар мен көп балалы отбасыларға және түрлі санаттағы жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтің сапасы бұдан былай да түрленіп, жетіле түспек. Мұның барлығы елдің игілігі үшін.
Рахат Тапалов,
Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі
Фото: ernur.kz