Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отаншыл жүрек

Отаншыл жүрек

Халқымыздың басына қандай бір күн¬дер туғанда, еңіреген ерлер «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деп, қилы-қилы ауыр кезең¬дер¬де ұлысқа ұран салып, елдіктің туын жоғары көтеріп отырды.
Ел қорғау – ердің ісі, азаматтық пары¬зы. Ер азаматтарымыздың отаншыл жүрегінің, бес қаруын тең ұстаған құрыш білегінің мықтылығы арқасында осын¬шама ұлан-ғайыр, кең-байтақ қазақ жеріне қаскөй жауларының аяғын ешқашан аттатқан емес, киелі жерді дұшпандарына таптатқан емес. Жеріміздің кеңдігі үшін бүгінгі ұрпақ жауынгер рухты алдыңғы буын ата-бабаларымызға тағзым етеді. Бейбіт күнде де елдің шекарасының мызғымай тұрғаны – ержүрек ұландар¬ымыздың осы дәстүрді жалғастырып келе жатқандығының айғағы.
КСРО-ның кезінде Отан алдындағы борышын достас шетелдерде өтеген офицер және жауынгер ағалардың кейінгі жас ұрпаққа тәрбиелік-тәлімдік, отан¬шылдық сезімін дарыту үшін, отансүй¬гіштікке тәрбиелеу үшін, жастарды ел қорғауға дайын болғызу үшін құрылған «Германиядағы Кеңес әскерінің және Варшава келісім-шарты әскери қоғамдық бірлестік тобының» облыстық ұйымы құрылған. Бұған сол кездегі социалистік елдерде әскери борышын өтеген жерлес¬теріміз мүше.
Жақында Қызылорда қаласында осы ұйымның ардагерлерінің қатысуымен «Қазақтың даналық ғибратты сөздері» атты облыстық додалы байқау өтті. Бай¬қауды аталмыш қоғамның төрағасы А.Шүренов ашты. Қазақстан Республика¬сының гимні ойналды.
Байқау үш турдан тұрды. «Қазақтың даналық сөздері», «Жыр-терме», «Бата» аталымдары бойынша кешегі жауын¬гер¬лер, бүгінгі ардагерлер өз өнерлерін көп¬шілік алдында ортаға салды. Жауынгер тек қана қолына қару алып соғысушы емес, ол рухы жоғары, рухани жан-жақты, елдіктің салт-дәстүрін жақсы білетін жандар. Осы тартысты да қызықты өткен байқауда аралдық жерлесіміз Әбдіжами Имағамбетов дара дарынымен, ерекше өнерімен, ғибратты баталарымен көзге түсіп, жүлделі ІІІ орын алып, арнайы дип¬ломмен марапатталды.
Әбдіжами Имағамбетов 1960 жылы Мергенсай ауылдық округінде дүниеге келген. Осы ауылдағы №58 Жалаңаш мектебін бітірген. Мектеп бітірген соң, Жамбыл балық колхозында балықшы бол¬ды. Көк теңізге шығып, ағаларының қас¬ында жүріп, су маржанын сүзді. Ащы тері тамып, еңбектің жемісін көрді. 1979 жылы әскер қатарына шақырылды. Денсаулығы жақсы, спорттық жағынан шыныққан жігітті Еуропаның қақ төріндегі Венгрияға жіберді. Ант қабылдаған Әбдіжами осын¬дағы Кеңес Армиясының 5-мотоатқыштар полкінің 1-батальонының бірінші рота-сында пулеметші, мерген болды. Әскери өмір оны ұшқырлыққа, батылдыққа, тез шешім қабылдауға үйретті. Жақсы қыз¬меті үшін әскери басшылар тарапынан бірнеше мәрте марапаттарға ие болды. Жас жауынгер 1981 жылы азаматтық борышын өтеп, туған жеріне оралып, ата кәсібі балықшылықты әрі қарай жалғас¬тырды.
Өмірдің және әскердің осындай бас¬пал¬дақтарынан өткен Әбдіжами 1983 жылы Қарағанды қаласындағы денетәр¬биесі институтына оқуға түсіп, Алғашқы әскери дайындық және денетәрбиесі пән¬інің мұғалімі мамандығы бойынша үздік белгімен бітірді. Ңңбек жолын №59 Қарақұм мектебінде бастап, кейін туған жеріне оралып, №58 орта мектепте ұстаз¬дық қызметін жалғастырып келеді. Әбді¬жами институт қабырғасында жүргенде әскери кафедраны бітіріп, лейтенант шенін алған. Кейін капитан шенімен отставкіге шықты.
35 жыл бойы ауыл балаларына әскери өмірдің алғашқы кіріспесін үйретіп, болашақ Отан қорғауға дайындап жүрген Әбдіжами өзі де көптеген сайыстарға қат¬ысып, жүлдегер атанды. Ал шәкірттерінің де жетістіктері жетерлік. Ауылдағы әрбір баланың тәуелсіз еліміздің әскері қатар¬ында Отан қорғауға аттануы Әбдіжами үшін бір мереке. Олардың қызмет еткен әскери бөлімшелерден алған марапаттар¬ын көріп, өз еңбегінің жемісін танығандай болады.
«Әке көрген оқ жонар» дегендей, үш бала тәрбиелеп отырған оның ортаншы ұлы қазір әскери қызметте. Егемен еліміз¬дің сайыпқыран жауынгері. Әскери бар¬лау полкінің бірінші сыныпты сержанты. Және де кенже баласы да осы полктің ар¬найы ротасында Отан қорғау жолында жүр. Кеңес әскерінің Оңтүстік Әскери тобының (ЮГВ) ардагері, ұлағатты ұстаз, отаншыл жүректі азамат Әбдіжами Имағамбетовтің өмірі кейінгі жастарға елге қызмет істеудің бір үлгісі.
Е.ЗЕЙНЕТҰЛЫ
27 маусым 2023 ж. 201 0