Ел жүрегі

«Елу жылда ел жаңа» деген дана халқымыз. Ширек ғасырда елордамыз көркейіп, сәулеті келіскен сәнді қалалардың біріне айналып келеді. Әлемдік деңгейдегі архитектуралық саланың озық үлгісі бойынша салынған келбеті келісті ғимараттар бүгінде қала көркін ажарландыруда. Солардың бірі –Пирамида. Оның сыртқы пішіні бөлек болғанымен, ішіне енгенде басқа ғимаратта жүргендей әсерде қаласың. Ал қазақ баласының мақтанышына айналған «Бәйтерек» монументі де ерекше талғаммен тұрғызылған. Оған қоса мұз қала мен «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы бар. Міне, осындай ерекшеліктермен дараланып тұрған бас қаламыз бүгінде ортақ ой мен бейбіт келісімнің бесігіне айналып отыр.
Өз басым бүгінгі деңгейге жеткен Астанамызды Елбасымыздың ерлігі дер едім. Жасампаз еліміздің келешегін ойлайтын кемеңгер басшы Нұрсұлтан Әбішұлының «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «Қалалардың да адамдар секілді өз аттары, өмірбаяны, өзіндік айрықша белгілері бар»деп жазған. Міне, өзінің айрықша белгілерімен дараланған жасампаз қаламыз бүгінде қазақ елінің айбынына айналып отыр. Осы орайда, елдігіміз еңселі, елордамыз ешқашан көштен қалмасын дегім келеді.
С.Сансызбаев,
№66 орта мектеп мұғалімі