Жарықтың игілігін жұрт көреді

– Көшенің жарығы қай кезде де тұрғындардың басты сұранысында болған дүние еді. Расында көшенің бойында самаладай самсаған жарықтың болғанын кім қаламайды дейсің?! Әсіресе қыс мезгілінде жарықтың игілігі халыққа қажет-ақ. Жарық жүйесі тіптен іңір қараңғылығы түскенде іске қосылып, жолаушыға жол сілтеп, мектептен қайтқан оқушыларға табан жолын көрсетіп қана қоймай, түнгі уақытта адамдар қауіпсіздігіне де қорған болады. Көшелерді жарықтандыру үшін қауіпсіз әрі тиімді энергия қондырғыларын енгізу маңызды әрі басымдыққа ие болатындығы сондықтан. Яғни, көше жарығы әр ауылдың ғана емес, әр көшенің сәні және тұрғындардың қауіпсіздігінің кепілі, – дейді.
Иә, уәде орындалуымен құнды. Алдағы уақытта аралдықтарға жарықтың тиімділігін көру бақыты бұйырарына сенім мол. Бастысы ел естіген жан семіртер жақсы жаңалық сылдыр сөз, құрғақ уәде күйінде қалмаса болғаны.
«Толқын» ақпарат