Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Т-ға баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талабы тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.
Талап қою талап қоюшының өтінішіне сәйкес, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан баланың тұрғылықты жері бойынша Арал аудандық сотының қарауына берілген.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Ұзаққа созылған әңгімелесуден кейін тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан.
Келісімнің шарттары бойынша тараптар, балалардың анасымен бірге тұратындығын айқындау жайында ортақ шешімге келген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
31 тамыз 2023 ж. 194 0