Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдар не себепті МӘМС төлемдерін төлегісі келмейді

Адамдар не себепті МӘМС төлемдерін төлегісі келмейді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстанда 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстелде жүйеге қатысты өзекті мәселелерді және адамдардың не себепті МӘМС жарналарын төлегісі келмейтіндерін айтып берді.

 Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бірінші кезекте азаматтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындады. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың жаңа тетігін құру және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар аудару арқылы мемлекет, жұмыс берушілер және халық арасында қаржылық жүктемені әділ бөлу көзделді. 
Бұл ретте мемлекет МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан әрбір азаматқа қолжетімді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етумен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде балалар, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жұмыссыздар және т. б. қорғауды өзіне қалдырды. Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен аударымдар 15 жеңілдік санатына кіретін 11,7 млн адамға жүргізіледі.
 «Кез-келген жүйе секілді, МӘМС үздіксіз жетілдіріліп келеді және өзгеріп отыратын қажеттіліктерге бейімделуде.  Біріншіден бұл халықтың медициналық көмекке деген барлық қажеттілігін толық қамтуға және жабуға мүмкіндік бермейтін төмен сақтандыру ставкалары. Бұл ретте, сақтандырылған азаматтарға, олардың  төлеген жарналарының сомасына қарамастан МӘМС қызметтері шектеусіз көрсетілуі мүмкін. Мысалы, дербес төлеушілердің бір жылға төлеген жарнасы 42 мың теңгені құрайды, ал буынды ауыстыру операциясының құны 1,5 млрд теңгеден басталады», - деді Ілияс Мұхамеджан.
Бастапқыда МӘМС ставкалары: жұмыс берушілер үшін – 5%-ға дейін, қызметкерлер үшін - 2%-ға дейін, мемлекет үшін орташа жалақының 7%-на дейін, ЖК және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін ЕТЖ-дан 7%-ға дейін болуы тиіс еді. Ал қазір 3% жұмыс берушінің қаражатынан және 2% қызметкерлердің есебінен төленеді.  Сонымен қатар, жарналар бойынша шектеу қойылды – жұмыс берушілер үшін 21 мың теңгеден және қызметкерлер үшін 14 мың теңгеден аспайды (10 ЕТЖ аспайды). ЖК табысына қарамастан (4900 теңге) 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5% төлейді, яғни 3500 теңге. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейді. Демек, медициналық сақтандыру қорына оның тек 40%-ы ғана түседі, яғни облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындарынан МӘМС үшін 1 380 теңге, ауыл тұрғындарынан 690 теңге түседі.
«Екіншіден -  азаматтардың барлығы МӘМС жүйесімен қамтылмаған. Қазір 3 млн астам адам медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Бұның басты себептерінің бірі - ТМККК, ол медициналық көмек түрлерінің үлкен көлемін өзіне қалдырады және халықты МӘМС жарналарын төлеуге ынталандырмайды», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары.
 Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың халықты МӘМС жүйесімен қамтуды қамтамасыз етуге қызығушылығы төмен. Осы бағытта Қор Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен «Отбасының цифрлық картасы» бағдарламасы аясында жұмыс атқаруда.
 
Ауыл азаматтарын медициналық көмекпен қамту 2 есе артты
МӘМС жүйесінің енгізілуі жылжымалы медициналық кешендер есебінен шалғайдағы елді мекендерде қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік берді. Ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамту 1,8 есе артты. 2019 жылы 922 мың адам, ал 2022 жылы 1,6 млн адам қамтылды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
Ілияс Мұхамеджан дөңгелек үстелде атап өткендей, қиындықтарға қарамастан, МӘМС жүйесі денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырып, негізгі міндеттерінің бірін орындауда.  2019 жылы халықтың медициналық қызметтерге қажеттілігіне 1,3 трлн теңге бағытталды. Салыстырып айтар болсақ, 2010 жылы ол екі есе төмен - 562,8 млрд теңгені құрады.
«МӘМС жүйесі енгізілгелі, 3 жарым жыл ішінде қаржыландыру екі есе өсті. 2021 жылға қаржыландыру 1,8 трлн теңгеге, 2022 жылға қарай 2,2 трлн теңгеге дейін өсті. 2023 жылы медициналық көмекті қаржыландыруға 2,5 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл ретте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қаржыландыру 1,3 трлн теңгеден 1,4 трлн теңгеге дейін өсті», - деді спикер.
Қазіргі кезеңде халықтың медициналық көмекке деген қажеттілігін анықтаудың өзектілігі айтарлықтай артып келеді. Оның қолжетімділігінің жоғары деңгейіне, ресурстарды пайдаланудың жоғары тиімділігіне қол жеткізу медициналық көмектің көлемі мен құрылымын жоспарлаумен тығыз байланысты. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жоспарлаудың негізгі қағидаттары жүйелі тәсіл, республикалық және өңірлік жоспарлаудың үйлесімі, басым бағыттарды бөлу, жоспарлардың директивтілігі, барлық деңгейлерде жоспарлауға әдістемелік тәсілдердің бірлігі, денсаулық сақтаудың барлық секторларын дамытуда теңгерімді қамтамасыз ету болып табылады.
«МӘМС-тің базалық параметрлерінің өзгергеніне, сондай-ақ пандемияның ықпалына қарамастан, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу денсаулық сақтау саласына оң әсер етті. Біріншіден, дәрігерлердің орташа жалақысы 189-дан 454 мың теңгеге дейін, ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 117 мың теңгеден 236 мың теңгеге дейін өсті. Екіншіден, елдің бір тұрғынына денсаулық шығындары 56 мыңнан 122 мың теңгеге дейін өсті. Үшіншіден, МӘМС жүйесінің енгізілуі жылжымалы медициналық кешендер есебінен шалғайдағы елді мекендерде қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік берді. Ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамту 1,8 есе артты. 2019 жылы 922 мың адам, ал 2022 жылы 1,6 млн адам қамтылды», - деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.
МӘМС есебінен дәрігер қабылдаулары, зертханалық талдаулар және диагностикалық зерттеулер қолжетімділігі 7 есе артты. Мысалы, бейінді мамандардың консультациялары мен диагностикалық зерттеулер саны 20 млн-нан 142 млн-ға дейін өсті. 3 жарым жыл ішінде қазақстандықтарға 13 млн стоматологиялық қызмет көрсетілді. Оның 11 млн-ы балаларға көрсетілді. Пациенттерге медициналық оңалту қолжетімді бола түсті. 2022 жылы 253 мың адам МӘМС есебінен стационарларда медициналық оңалтудан өтті. Жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржыландыру 3 жарым есе өсті. МӘМС енгізілгелі жоғары технологиялық медициналық көмек 4 есе көп көрсетіле бастады -2019 жылы 11 мың қызмет көрсетілсе, 2022 жылы 47,7 мың қызмет көрсетілді.
  • Қазақстанда шұғыл госпитализацияның өсімі байқалады  
Соңғы үш жылда шұғыл госпитализацияның өсімі (53%-дан 62%-ға дейін) байқалады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
Дөңгелек үстел барысында спикер атап өткендей, 2020 жылы шұғыл емдеуге жатқызылғандардың үлес салмағы 49%, 2021 жылы-53%, 2022 жылы – 55% құрады. 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша бқл көрсеткіш 62% құрады.
«Бұл ретте ауыр жағдайдағы пациенттерді емдеуге жатқызудың өсуі байқалады, бұл реанимациялық бөлімше жағдайында қарқынды терапияны талап етеді. Ал бірнеше асқынулардың болуы пациенттің орташа болу ұзақтығын және шұғыл көмек көрсетуге байланысты стационарлардың шығындарын едәуір арттырады», - деп Ілияс Мұхамеджан мәселенің басын ашты.
Ағымдағы жылдың жағдайы бойынша шұғыл емдеуге жатқызудың жалпы санынан 15% жағдайда алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде басқарылатын аурулары бар пациенттер келіп түсті (37 млрд теңге сомасына 128,4 мың жағдай).
  «Жалпы тәжірибелік дәрігердің осы ауруларды басқаруға арналған құралдарының толық арсеналы бар  (динамикалық бақылау, консультациялық-диагностикалық қызметтер, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету», - деді спикер.
  • 1 тоқсанның қорытындысы бойынша талдау жіті аурумен (жай-күймен) немесе созылмалы аурудың шиеленісуімен (өтініштердің барлық түрлерінің 95%-дан 99,3%-ға дейін) өтініштердің өсуі байқалғанын көрсетті. Бұл ретте емханалар динамикалық байқау жөніндегі жоспарды орындамайды (өтініштердің барлық себептерінің 1%-на дейін).
  •  «Осыған сүйене отырып, медициналық ұйымдарда қайталама профилактика – диспансерлік науқастарды динамикалық бақылау, сондай-ақ әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау бойынша шаралар толық орындалмайды деген қорытынды жасауға болады. Яғни алғашқы медициналық санитарлық көмек өз қызметін толық атқармайды», - деді спикер.
  • Талдауға сүйене отырып, медициналық ұйымдарда қайталама профилактика бойынша іс-шаралар толық көлемде орындалмайды – диспансерлік  науқастарды динамикалық бақылау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау, яғни МСАК-тың негізгі функционалы орындалмайды деген қорытынды жасауға болады.  Бұл «Артериялық гипертензия» диагнозы қойылған диспансерлік есепте тұрған пациенттердің жалпы санының 0,34%-ы, яғни 1,4 млн пациент. 2021 жылы – 6 733 пациент немесе 0,48%, 2022 жылы-шамамен 1%. Бұл зерттеулерді пациент жылына бір рет өтуге құқылы.  Қант диабетімен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау бойынша ұқсас жағдай - жыл сайын пациенттер санының өсуі байқалады. Егер 2020 жылы диспансерлік есепте 374 мың пациент болса, 2022 жылы – 425 мың.
  • Диспансерлік есепте тұрған адамдарды гликацияланған гемоглобин деңгейіне тексерумен қамту үлесі 2020 жылы 9,2%, 2021 жылы 10,7%, 2022 жылы 18% құрады. Бұл жағдайда пациенттер әр 3 ай сайын осы талдаудан өтуі керек.
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына қабылданбаған қоңыраулардың саны  57%-дан 5%ға дейін қысқарды
Ағымдағы жылдың маусым айында медициналық көмек алу бойынша сұрақтарға жауап беріп келген 1406 - 1414 байланыс орталығына берілді. Бұл шара не бергенін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметінде айты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ең алдымен пациенттердің құқығын қорғайды. Медициналық көмек алу кезінде даулы жағдайлар туындаған немесе оны ұсынудан бас тартқан жағдайда Пациентті қолдау қызметіне жүгіну ұсынылады, ол әрбір медициналық ұйымда болуға тиіс. Егер жағдайды жергілікті жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ресми өтініш жасау ұсынылады.
«Қор халықпен кері байланыс арналарын жетілдіру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың маусым айында Бірыңғай байланыс орталығының (1406) қызметін қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 1414 Бірыңғай байланыс орталығына аутсорсингке берілді», – деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.
1414-ке көшу кезінде жеке және заңды тұлғаларды тәулік бойы консультациялық сүйемелдеу қамтамасыз етілді.
  •  «Жауаптың орташа күту уақыты 10 есе – 5 минуттан 28 секундқа дейін қысқарды. Бұл ретте жауап берілген қоңыраулардың үлесі 16%-ға, ал қабылданбаған қоңыраулардың үлесі 57%-дан 5%-ға дейін төмендеді», – деді ӘМСҚ өкілі. 
 Естеріңізге сала кетейік:
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  •   fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot 
  • 1414 байланыс орталығы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми байланыс арналары болып табылады.
Сатып алу үдерістерін цифрландыру бойынша жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасары айтып берді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыашықтығын қамтамасыз ету үшін процестерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде.Оның ішінде шарттар жасасу және жүргізу процестерін цифрландыру, көрсетілген медициналық көмек көлемі үшін ақы төлеу жобасы бойынша жұмыс басталды. Бірінші кезең 2024 жылы аяқталады.
   
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметінде барлық негізгі процестерді цифрландыру бойынша жобаны іске асыру барысы туралы айтып берді.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 19 сәуірдегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы аясында, Қорда Денсаулық сақтау министрлігінің шашыраңқы ақпараттық жүйелерінен төлем функционалын ауыстыруды ескере отырып, шарттар жасасу және жүргізу процестерін цифрландыру, мониторинг, медициналық көмекке ақы төлеу жөніндегі «Е-Денсаулық» бірыңғай цифрлық платформасы шеңберінде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» жүйесін дамыту жобасы басталды.
Бұл жобаға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мамандары, Цифрлық даму министрліг, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының сарапшылары мен Цифрлық үкіметті қолдау орталығының мамандары тартылды.
«Жалпы, жоба өте күрделі, ауқымды, әрі өте қысқа мерзімге белгіленген. Бірінші кезең – пилоттық және тәжірибелік пайдалануға беру мерзімімен төлем блогын әзірлеу – 2024 жыл. Екінші кезең – медициналық көмекті жоспарлау, болжау және тариф белгілеу процестерін цифрландыру 2025 жылға жоспарланған», – деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.
МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар сала сарапшыларының қатысуымен өтіп жатқаны тілге тиек етілді.  Айта кету керек, Қор басқармасының төрағасы Сәбит Ахметов  аймақтарға барып, проблемаларды анықтау және жергілікті жағдайды көру үшін үшін медицина қауымдастығымен кездесуде. Әр жұмыс сапарының қорытындысы бойынша оңтайлы шешу жолдары әзірленіп, ұсыныстар айтылып, уәкілетті органның қарауына жіберіледі.
12 қыркүйек 2023 ж. 248 0