Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша Беларан, Құланды, Қамыстыбас, Жаңақұрылыс ауылдық округ әкімдерін қабылдап, олардың есебін тыңдады. Жиында ауыл әкімдері жыл басынан бері өңірдегі экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, салық түсімдерінің орындалуы, жұмыспен қамту сынды негізгі салалар бойынша және аудан әкімінің елді мекендерді аралауда берілген тапсырмалардың орындалуын баяндады. Сондай-ақ мәжілісте қысқы жылу беру маусымына әзірлік шаралары, «Ауылдарды дамыту» мен басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша жасалған жұмыстардың барысы айтылды.Аудан әкімі баяндамашыларды тыңдап шыққан соң көрсеткіші төмен салалар бойынша жауапты сала басшыларымен бірге нақты шаралар қабылдап, әрбір мәселені жіті назарға алып, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
27 қыркүйек 2023 ж. 297 0