Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Қазіргі 21-ғасырда есірткіге әуес жастар саны күрт артуда және бұл мәселе әлеуметтік-экономикалық зардаптарды көптеп туғызуда. Қазіргі күні жастардың басым көпшілігі есірткіге әуес, тіпті күннен-күнге тәуелді болып бара жатыр. Өскелең ұрпақтың есірткіге мұнша тәуелді болуына себептер өте көп. Соның ішінде ең бастысы: нашақорлық ұйымдардың белсенділігі. Осы ұйымдардың қоғамнан жасырынып, жасаған істерінен түрлі зардаптар келіп, еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму үдерісі тежелуде. Айта өтетін зардаптарға: кемтар балалардың дүниеге келуі, бас бостандығынан айыратын қылмыстардың белең алуы, нашақордың отбасына зиян келуі сияқты өзекті жағдайлар жатады.Есірткі болмаса қазіргі әлем қалай болар еді?  Есірткі болмаса өмірімізге зардаптар келмейді, ал, зардаптар келмесе, елімізде тыныштық орнайды, қылмыстық істер азаяды, әрбір шаңырақта бейбітшілік, бақ-береке болады, және ең үздік дамыған елдермен бәсекеге түсеміз.
Есірткі біреуге-қайғы, біреуге-пайда. Сондықтан, құрметті жастар, біз еліміздің болашағын жарқындатушылармыз. Қолда барда алтынның қадірін білейік. Уақытты үнем тұтудан жарысайық, еліміздің, бізге сенім артушылардың үмітін ақтайық! Болашақ-біздің қолымызда!
Толғанай Жолдыбаева,
№67 орта мектебінің 7-сынып оқушысы
14 қараша 2023 ж. 341 0