Бос қалбырдан бұйым жасаған

Бірақ осы қиындықты да жеңуге болады. Тек жеңіп қана қоймай, кәдеге асыруға болатынын дәлелдеп жүрген азамат ортамызда жүр. Ол жерлесіміз, №71 мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі – Нұржан Балов.
Бұл азамат жайлы осыған дейін де талай естіген боларсыздар. 15 жыл ұстаздық етіп келе жатқан азамат өзінің шеберлігімен, өнерімен көпшілікті таң қалдырудан жалыққан емес. Суретшілігінен бөлек, тастан түрлі бейне жасап, оларды бояп, сан алуан керемет дүниелер жасап келеді. Ал бүгінгі біздің куә болғанымыз, тіпті тамаша.
Нұржан қазірде зергерлік бұйымдарын жасаумен айналысып жүр. Ол үшін бар болғаны жоғарыда біз айтқан қалбырларды кәдеге жаратуда төзімділік пен үлкен еңбек болса жеткілікті.
Иә, кәдімгі энергетикалық сусын Gorilla-ның босаған қалбыранан жасаған дүниелері көздің жауын алады. Жақында ғана №262 мектеп-гимназиясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткен облыстық семинарда көрмеге қойылған Нұржан Ертөреұлының туындылары талайға таңдай қақтырды.

Міне, он саусағынан өнер тамған азаматтың бұл еңбегін айтпай кетуге болмады. Құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, қоғамға пайдасы мол жаңалықпен айналысып жүрген жерлесімізге табыс тілейміз.
О.ЖОЛДАСОВ