Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

«Бердібек – сөзіне берік, ісіне ұқыпты жан. Мен білетін жазушылардың ішіндегі қарапайым, шаруақоры. Өзіне де, өзгеге де қатал, тура, әділ».
Мұзафар Әлімбаев

«Бердібек өзінің еңбегімен халықтың дара жазушысы атанды. Ол Тәңірінің тумасынан, жаратылыстың болмысынан, өзінің талантымен де, болмысымен де халықтың нағыз жазушы ұлы болды».
Әбдіжәміл Нұрпейісов

Бүгінде балаларды, жастарды рухани тәрбиелеу ісі өте маңызды. Осы бағытта олардың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін түрлі акциялар мен шаралар өткізілуде. Солардың бірі – «Бір ел-бір кітап» акциясы.
Қазақстанда Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министірлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастау алған болатын.
Биылғы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында аудандық орталық кітапханада көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың100 жылдығына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты рухани-әдеби кеш өткізілді.
Оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастару жолын мақсат еткен кеш жазушы туралы арнайы дайындалған видео-слайдпен басталды.
Балаларға шығарма жазу,сол арқылы кішкентай оқырмандардың құрметіне бөлену ерекше талантты қажет етеді. Біз қазақ әдебиетінде Ыбырай атамыздан бастап Мұзафар Әлімбаев,Сапарғали Бегалин,Сәкен Жүнісов,Мұхтар Мағауин т.б көптеген балалар жазушысын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік,бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев.Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен танысыпта шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.
Бердібек Соқпақбаев балалар үшін жаралған жан болатын.Өзінің шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Осылайша қонақтар жазушының жаңа қырымен танысып, кеш барысында алғашқы шығармашылық жолындағы өлеңдері айтылды.
Бердібек Соқпақбаев – аса талантты қазақ жазушысы. Ұлттық әдебиетіміздің классигі. Жазушының «Менің атым –Қожа» атты туындысын білмейтін оқырман кемде-кем.Бұл сөзсіз қаламгер туындысының құдыреті. Бұл туындыда жазушы бала табиғатына терең бойлап,мінезінің нәзік иірімдерін, балаға тән шыншылдықты,періштедей пәктікті,тазалықты,адамзат баласының өн бойындағы асыл қасиеттерді жан-жақты суреттейді.Қонақтар кейін әдеби кеште «Менің атым Қожа» фильмінің түсірілу кезіндегі қызықты сәттер туралы қысқаша видео тамашалады.
«Бердібек сөзіне берік ісіне ұқыпты жан.Мен білетін жазушылардың ішіндегі қарапайым шаруақор жан. Өзіне де, өзгеге де қатал, әділ. Бұл Бердібектің шырайы. Бердібекке ғана тән нәрсе»деп Мұзафар Әлімбав атамыз айтқандай, жазушы замандастары өз пікірлерінайтып,өлең де арнаған. Осылайша Бейсебай Кіріспайұлы «Бәйтерек» өлеңі айтылды.
Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп,құнарландырып тұратын күретамыр Бердібек Соқпақбаев деуге негіз бар.Балалармен бірге жұмыс істегені оның балалар әдебиетіне тың серпіліс әкелуіне ықпалын тигізді.
Бердібек Соқпақбаевтың әңгіме романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап,ақиқаттан алшақтамай,балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді.Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзін күнде көріп жүрген адамдар сияқты Қожа, Жантас секілді кейіпкерлермен жадыңда жатталып қалады.
Кеш соңында қонақтар жазушы шығармашылығынан мол мағлұмат беретін «Әлем таныған жазушы» кітап көрмесімен танысты.
Г.Күлмашова,
Аудандық орталық кітапхананың
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің
меңгерушісі
27 ақпан 2024 ж. 429 0