Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық додадан олжалы оралды

Республикалық додадан олжалы оралды

Күні кеше елорда төрінде өткізілген 5-8 cынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы өз мәресіне жетті. Жас экологтар сайысында Сыр өңірінің намысын қорғаған №177 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Шыназ Ясин үздіктер қатарынан көрінді. Ол «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» бағыты бойынша жоба қорғап жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жетекшісі: Мәди Құрманәли
Жеңімпаз шәкіртіміз бен жол бастар жетекшісін жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз!
Арал аудандық білім бөлімі
03 мамыр 2024 ж. 202 0