Көше тұрғындары дән риза

Соның бір мысалын айтар болсақ, қаладағы Ж.Дошниязов көшесіне осы көшенің тұрғыны, көше комитетінің төрағасы Наурызбек есімді азаматтың атсалысумен түнгі жарық шамдары жүргізілген. Оған осы көшенің тұрғындары куә. Өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, жас болса да жырты жыл уақыт жауапкершілік жүгін арқалап келе жатқан азаматқа көше тұрғындары да дән риза. «Көшеміз жарқырап, сәні келіп қалды» деп қуана алғысын білдіруде осы көшенің тұрғындары Шолпан және Сара есімді тұрғындар.
– Біз үшін осы мәселе жылдар бойы созбалаңға салынып келді. Қала әкімімен кездесулерде айтылатын мәселе де осы жарық пен жол болатын. Шүкір, көшемізге жарық орнатылды. Ең болмаса жүрер аяқ жолымыз анық көрінеді. Осы істің тез бітуіне көшеміздің көше комитеті төрағасы Наурызбек Жолдасов есімді баламыздың еңбегі зор. Ол осы уақытқа дейін түрлі мекемелерге барып, тиісті бастаманы көтере жүріп осы істің нәтижелі аяқталуына ерекше атсалысты. Өзі бір өте елгезек және қолынан іс келетін азамат. Осындай жанашырлық танытар азаматтар көбейсе, әрбір ауыл, әрбір көше өз ретіне қарай дами береді деп ойлаймын, – дейді көше тұрғыны Ш.Айымбетов.
Иә, бүгінде осы Ж.Дошниязов көшесіне барлығы 15 жарық шамы орнатылған. Оның 3 данасы қала әкімі тарапынан берілсе, қалғаны Наурызбектің ізденісінің нәтижесінде мүмкін болып отыр. Көшедегі оқушы балалар мен қариялардың еркін жүріп-тұруына себепші болайын деген азаматтың бұл бастамасы басқаларға да үлгі болса дейміз. Қалай болғанда да қаламыздың күн санап көркейгені өзімізге жақсы. Жақсы нәтижелерге жетіп, шаһарымыз ажарлана берсін десек, осындай азаматтардың еңбегін бағалап, уақытында қолдау білдірген жөн деп ойлаймыз. Мұндай істің сәтті жүзеге асуына себепші болған азаматтар мен жергілікті билікке көше тұрғындарының ризашылығы шексіз.
А.ҚАРАСАЙ