Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлікті құжатсыз мас күйінде басқарған

Көлікті құжатсыз мас күйінде басқарған

Көлікті мас күйінде басқару қозғалыстың басқа қатысушыларына аса қауіп тудыратын әрекет.
Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К., 5 маусым 2024 жылы көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, «Желмая» маркалы мотокөлік құралын масаң күйінде басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.
Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
06 маусым 2024 ж. 202 0