Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық тәрбиеден

Тазалық тәрбиеден

Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды айтпағанда, саулықта өмір сүруіміздің кепілі бола алатыны ол – деннің саулығы және тазалық. Ал дені сау ұрпақ – қоғам байлығы.
Туған жерді сүю – оның дәстүрі мен әдебіне көну. Елінің тау-тасын қадірлеп, әр мекенін мақтан ету, бұл – патриотизмнің алдыңғы көрінісі. Табиғатының сұлулығын қалаған Отансүйер, оның ластанбауын да ерікті түрде қалайтыны һақ. Көріп, біліп жүрміз. Ауданда тазалыққа, көгалдандыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл қатарда еңбексүйгіш, патриот жастарымыздың да елеулі еңбегі жатыр. Туған қаласына қамқорлықпен қарап, тазалығы үшін тартынбайтын жастар қатарластарына үлгі, көпке үлгілі болып келеді.
Шынында қазақта ер бала азаматтығын дәлелдеу үшін үштік кезеңнен тұратын салтымыз бар. Онда, алдымен, үй тұрғызуды, екіншіден, өз баласын аяққа тұрғызуды, үшіншіден, «бір тал кессең, он тал ек!» деп ағаш отырғызуды міндеттеген. Міне, жастайынан осы міндеттің бірін орныдауға машықтанған Арал қаласы, Сексеуіл және Жақсықылыш кенттерінде "Жасыл ел" еңбек жасағы жұмыс жасап келеді.

О. ЖОЛДАСОВ
18 маусым 2024 ж. 216 0