Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еурохаттама рәсімін түсіндірудің маңыздылығы талқыланды

Еурохаттама рәсімін түсіндірудің маңыздылығы талқыланды

Арал аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Керуенбаевтың төрағалық етуімен дөңгелек үстел өтіп, Еурохаттама рәсімін түсіндірудің маңыздылығы талқыланды.
Шараға Арал АПб-нің орынбасары Ж.Куйлишев пен жол полициясының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Б.Керуенбаев 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдеу тәртібі – Еурохаттама енгізілгенін айтып, жаңашылдықтың тиімділігіне тоқталды.
Еурохаттаманың қолданылу жағдайларына назар аудартып, ЖКО-на екі көлік құралы ғана қатысса; қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса; ЖКО нәтижесінде қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе); ЖКО-на қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса; келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылатынын түсіндірді.
Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасын «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болатынын тілге тиек етіп, қатысушыларды осы бағытта ақпараттандыру мен Еурохаттаманы кеңінен қолдануға бағытталған шараларды жүргізуге шақырды .
Шара соңында қатысушылар жаңашылдықтың қолданылуына қатысты сындарлы пікір алмасып, тәжірибеде туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылады.

Арал аудандық соты

29 шілде 2024 ж. 140 0