Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік қауіпсіздігі қаперде болу қажет

Көлік қауіпсіздігі қаперде болу қажет

Автокөлік саны артқан сайын автобильдегі өрт саны жоғарылап, мұндай жағдайлар әдеттегі оқиғаларға айналып барады. Бәріміз білетіндей автокөліктер өте тез жанады. Егер автокөлікте қосымша бензин құйылған канистр, синтетикалық әр түрлі материалдар болса 1,5 минуттың ішінде-ақ толық жанып кетеді. Кейде сұйық отын құбырына жеткенше сымдар бықсып жалын көрінбей жасырын және кідірген түрде өрт пайда болады. Егер автокөлік көліктер жинақталған орында тұтанса, әсіресе көлікті басқа көліктерден алшақтау мүмкін болмаса, онда өрт қауіптілігі жоғарлайды.
Автокөліктегі кез-келген өрт астына ағып жатқан бензин, май немесе түтін иісінен басталады. Иіс - ол қауіп жөніндегі алғашқы және кейде жалғыз ғана белгі. Иісті сезген бойдан машинаны тоқтатып, моторды сөндіріп автокөлікті қарап негіз болған иіс себебін тауып, жою қажет. Көбінесе, өрт қарапайым өрт қауіпсіздігі тәртіптерін сақтамаудан және электржелілерінің қысқа тұйықталуы, сұйық отынға берілетін жүйенің шығып кетуі, салонда темекі тарту, тез тұтанатын жүктерді тасудағы ұқыпсыздық, сұйық отынның төгілуі мен жануы тағы сол сияқты себептерден басталады.
Автомобильде өрт пайда болған жағдайда және өрт сөндірушілер келгенше қандай іс-әрекеттер жасау керек? Мұндай жағдайлар мен мүмкін болатын зардабын барынша азайтуды және қиын минуттарда абдырамай лайықты шығу үшін сіз білуіңіз қажет жалпы ережелер мен ұсынымдар бар. Егер қозғалыс кезінде автомобиль жанса, ондай жағдайларда:
Тез арада тоқтатып, барлық жолаушылар салонды шығып кету қажет
101 немесе 112 кезекшілік қызметіне қоңырау шалу, уақытты жоғалтпау үшін жанындағы адамнан сұрауға болады.
Қозғалтқышты өшіріп, капот құлыпынан босатып, аккумулятор батареясын ажыратып және өрт сөндіргіш құралды қолдану керек. Сондықтан да, тез тұтанатын сұйықтықтар мен электрқұрылғыларын өшіруге арналған бір литрден кем емес сыйымдылықтағы өрт сөндіргіш құралын өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады. Өрт сөндіргіш құралдың көлемі үлкен болған сайын, жанып кетудің алдын алу мүмкіндігі артады.
Қозғалтқыш бөлігіндегі өртті өшіруге суды қолданбаңыз, ол – электр желілерінің қысқа тұйықталуы және жанып жатқан бензиннің жайылуы мен жану алаңының үлкеюне әкелуі мүмкін.
Жанып жатқан өз автомобиліңізді құтқару үшін жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі немесе су жиналған жерге дейін өз бетінше жүріп әрекет жасау өте қауіпті. Егер оған дейін бар болғаны үш жүз метр, тіпті жүз метр қалса да! Есте сақтаңыз, жанып жатқан машинамен жолды жалғастыру – өз өміріңізге қауіп төндіру.
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
05 тамыз 2024 ж. 149 0