Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететіндігін көрсетеді. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңдап қалатын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар.
Қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек. Отбасы басты байлық екенін ұмытпайық!
Г.ЕСЕНЖОЛОВА,
АРАЛ АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры
Сурет: www.gov.kz