Асық атудан алтын еншіледі

Республика, облыс, аудан көлеміндегі түрлі биіктерді бағындырып жүрген сала шеберлері таяуда өз мықтылықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді. Нақтырақ тоқталар болсақ 11-13 қыркүйек күндері Астана қаласында ересектер арасында асық ату және бес асықтан Әлем чемпионаты өткізілді.
Осы жарыста жерлестердің асығы алшысынан түсті. Қазақстан намысын қорғаған Арал ауданының спортшысы, №71 орта мектептің қызметкері Айгерім Сыдықова жекелей сында және командалық есепте барлық қарсыластарынан басым түсіп, Әлем чемпионы атанды. №260 орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Азамат Көбеловтің жаттықтырушылығымен дара шыққан жерлесіміз ұлттық спорт түрін жанына серік етіп, аудан мерейін үстем еткені аралдықтардың ғана емес барша Қазақстандықтардың қуанышы деп анық айта аламыз.
"Толқын" ақпарат