Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі

Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі

Тәуелсіз еліміздің негізгі бағыты­ның бірі – зорлық-зомбылықсыз қоғам құру екені көпшілікке мәлім. Біз өмір сүріп отырған орта үшін ең бастысы – адам басының бостандығы мен уайым қайғысыз өмір сүруі екені Ата заңымызда да айқын жазылған.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы мерейлі міндеттің бірі – адам құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу болып табылады.
Өкінішке орай, әлемдегі көптеген отбасылардағы кикілжіңдер мен түсін­бестіктің салдарынан мыңдаған әйелдер мен балалар зұлымдықтың құрбаны болып отырған жайы бар. Соның кесірі жасөспірімдердің денелік және психологиялық жарақат алуымен қатар, денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін үлкен кедергілер болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты қиянаттың алдын алуға бағытталған түрлі шараларды жүргізу аса қажет.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен қоғам болып арылуымыз керек. Мұндай өрескел олқылықтар адамды өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелейтінін де жоққа шығаруға болмайды.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-анасының ұрысын көріп өскен баланың бойында да белгілі бір зұлымдық қалыптасып, есейе келе солардың үлгісін алуы да бек мүмкін.
Сондықтан да тәуелсіз қазақ мемле­кетінің болашағы жарқын болуы үшін барлығымыз зорлық-зомбылыққа жол бермеуіміз шарт.

Арал Қоғамдық Даму бөлімі 
19 қыркүйек 2024 ж. 36 0