Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб мүшелері бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

Халықтық штаб мүшелері бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

АЭС салу мәселесі бойынша өткізілетін референдумға бірнеше күндер қалды. АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб мүшелері түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ұжыммен АЭС құрылысының ашатын мүмкіндіктері, атап айтқанда, энергетика секторы мен өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, сондай-ақ ел экономикасына заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

«Қазіргі таңдағы еліміздегі ең маңызды мәселенің бірі электр энергиясының жетіспеушілігі. Біздегі электр қуатының басым бөлігі ескірген көмір станцияларынан алынады. Ескірген станицялар болашақта электр энергиясы тапшылығына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ көптеген ірі кәсіпорындар мен өндірістік орындарды іске қоса алмай да жатырмыз. Өйткені, оны қамтамасыз ететуде электр тапшылығы байқалады. Егер АЭС құрылысы жобасы қолдау тауып, іске асырылса, осы секілді мәселелерді шешуде қуатты серпін болады»
Өз кезегінде партия мүшелері тиімді энергия көзі Мемелекет басшысының АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
04 қазан 2024 ж. 117 0