Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқитын болды

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқитын болды

Астанада бірінші ауысымнан кейін екінші ауысымдағы оқушылардың бір бөлігі қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Бұл туралы елорданың білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ауа-райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 7 қарашасында екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшуде", - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы Instagram-дағы парақшасында. Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілгені туралы хабарлаған едік. Оған қолайсыз ауа райы себеп болды. Қалада ауа температурасы -1 градус және желдің жылдамдығы 14-25 м/с. Айта кетейік, 5 қарашада Ақтауда қатты жел тұрып, ағаштар мен аялдамалар құлап, бірнеше адам жарақат алып, аруханаға жеткізілгенін жазған едік. Сондай-ақ 6 қарашада Маңғыстау облысындағы мектептер мен колледждерде сабақ қашықтан оқытылды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды.
07 қараша 2024 ж. 98 0