"100 - жас есім" сексеуілдік теміржолшылар мерейі үстем болды
Қазақстан теміржолшылары арасында «100 жас есім» жобасы бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келеді. Жоба басталған шақта алғашқылардың бірі болып Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов «100 жас есім» атанған болса, 2023 жылы Рустам Азишов, Қазыбек Садуақасов үздік жас теміржолшылар тізіміне енді. Ал биыл сексеуілдік үш бірдей теміржолшы осы атқа ие болды.
Жұматаев Рамил Қамысбайұлы
Жұматаев Рамил Қамысбайұлы 1992жылы Сексеуіл кентінде дүниеге келген.Теміржол саласындағы еңбек жолы 2014жылы Қандыағаш локомотив пайдалану депосына машинист көмекшісі болудан басталған ол аталған мекемеде бір жарым жыл қызмет жасап 2016жылы Сексеуіл локомотив пайдалану депосына машинист көмекшісі болып ауысады. Сол жылдан бері жолаушылар пойызында машинист көмекшісін атқарып келеді. Өз қызметін шексіз жақсы көретін Рамил қоғамдық жұмыстардың да басынан табылады.
– 10 жылдан бері қозғалыс қауіпсіздігін сақтап,үлкен жауапкершілікті сезініп жұмыс істеп келемін.Бекітілеген қызметімнен бөлек, мекемеде түрлі іс шараларға қатысып, волонтерлікпен елге қол ұшын беруден қалыс қалмай келемін. Бұл мен үшін елге жасалар перзенттік парызымның бір бөлшегі деп есептеймін, - дейді Рамил.
Осы жылы Батыс өңірінде болған су тасқыны кезде мекеме атынанда барып,кент халқы атынан гумманитарлық көмекті таратып келген белсенді жастардың бірі.Сол үшін Аудан әкімінің,Қазақстан республикасы министрінің Алғыс хат алды.
– Әкем Қамысбай мен анам Бибажар менің теміржолшы болғанымды қалады. Әрбір жетістікке жеткен сайын ең алдымен сол кісілер қуанып отырады. Ата-ананың батасын алғанан асқан бақыт бар ма?! Осының арқасында ойға алған мақсаттарым орындалып жатыр, - дейді теміржолшы. Рамил жас та болса іскерлігімен танылған маман ғана емес, жұбайы Гүлдана екеуі 5 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.
Төрединов Талғат Хангелдинұлы
Талғат Хангелдинұлыотыз жасында ойда қалар ісімен танылып жүрген азамат. Ол әке жолын қуды. ХангелдинТөрединов теміржолшы.Локомотив жөндеу депосында жөндеу жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Талғат 2013 жылы Қазақ қатынас жолдары униветситетін локомотив шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған.
– Әкем теміржолшы болғандықтан бала кезден әкемнен үлгі алып, әкемдей болғым келіп өстім. Өсе келе бұл жай қызығушылық емес, менің шынайы арман-мақсатым екендігіне көзім жетті. Осылайша әке жолын қуам деген жоспарым жүзеге асып, теміржолшы мамандығын меңгеріп шықтым. Өзім қалап келген қызмет болғандықтан, бұл жұмысты асқан құлшыныспен жасаймын, - дейді Талғат.
Талғат дипломды маман атанған соң 2013-2014 жылы Астана қаласында локомотив құрастыру зауытында слесарь болып еңбек жолының алғашқы табалдығын басқан. Кейін 2014-2017 аралығында сол зауытта инженер по гарантий болып жұмыс істейді.2017 жылдан бастап Сексеуіл кентінде машинист көмекшісі қызметінде.
– Бағдарламаға компанияның 35 жасқа дейінгі қызметкерлері қатыса алады. «ҚТЖ 100 жас есімі» жобасы компанияның жастар саясаты аясында жас дарынды қызметкерлерді дамытуға бағытталған бастама болып табылады. Үздік 100-тің пулына енген жеңімпаздар оперативті кадр қоры әрі компаниядағы агенттерді алмастырушы. Жоба 2019 жылы Қазақстандағы «Жастар жылына» орай іске қосылды. Міне сол жобаның 2024жылғы жеңімпазы атандым.яғни 100-Жас есім атандым, - дейді Талғат Төрединов.
Жолмырзаева Ақбота Ақбергенқызы.
Ақбота Ақбергенқызы Теміржолшылар денастиясының өкілі. Әкесі Махамбетов Ақберген Сексеуілде депоның бастығы қызметін атқарған. Ол ұрпақтар сабақтастығын үзбей теміржолшы болуды бала кезден армандаған. 2016 жылы Сексеуіл пайдалану локоматив дипосына жұмысқа орналасқан. Қазір шұғыл есептеу бөлімінің операторы болып қызмет атқарады. 2018 жылдан бері республикалық автоматтандыру жүйесінің семинарларына үзбей қатысып, білім білігін жетілдіріп келеді. Ол биыл республика бойынша «Үздік сарапшы» атағын жеңіп алды. Бұл жетістік жолы «100 – жас есім» атанумен жалғасын тапты.
– 7 кезеңнен өтіп, финалға жолдама алып, 100 жас есімнің қатарынан табылдым. Бұл теміржол тарихында хатталатын болғандықтан мен үшін зор мәртебе. Әрине жетістік менікі болғанымен оған жету жолында маған үздіксіз ақыл кеңесін беріп отырған жаныма жақын жандар бар. Әсіресе қайынатам. Менің әрбір жетістігіме қуанып қолдау көрсетіп отыратын атам мен енем. Сол кісілердің тілеулес болуы менің мерейімді өсіріп отыр, - дейді Ақбота.
Үздік қызметкер болумен қатар, жолдасы Ғабитпен шаңырақ көтеріп, үлгілі келін атанып 2 бала тәрбиелеп отыр. Ақботаның қайын атасы Қалназаров Қайырбай 40 жыл өтілі бар, Үздік теплавозмашинисті болып зейнеткерлікке шыққан саланың сайыпқыраны.
Тұтас өмірі теміржол саласымен біте қайнасып жатқан Ақбота Ақбергенқызы жетістікке жету жан-жақты ізденіспен қоса өмір көрген, саланың ыстық-суығын меңгерген жандардың ақыл кеңесін тыңдау да септігін тигізетіндігін айтады.
Н. МАРАТҚЫЗЫ