"Толқынды" таңдағандар

Иә, көлі көз тартатын Қосжар ауылындағы №67 орта мектебінің директоры Жаңаберген Аманжолов жазылу науқанында баспасөз баршаға қажетті екенін жадында ұстап, үстіміздегі жылы 95 жылдық мерейтойы аталып өтілетін «Толқын» газетінің нағыз жанашыры екенін көрсете алды. Атап айтсақ аталмыш ұжым «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» саналған ақпарат құралын қадірлеп, жас буынды да туған жердің төл басылымын серік етуге үндеді.
"Толқын" ақпарат