Қоғамдық көліктегі мәдениет: жастар жауапкершілігі

Қоғамның мәдени деңгейі жастардың тәртібі мен іс-әрекетінең байқалады десекте болады. Осы тұрғыда жастар- ел болашағы ғана емес, сонымен қатар қоғамның бет-бейнесі. Сол себептен олардың көпшілік ішінде әдеп сақтап, мәдениеттілігің көрсітуді талап етеді. Алайда, күнделікті өмірде кейбір жасөспірімдердің қоғамдық көлікте орынсыз әрекеттерге баруы жиі байқалады: мысалы, қатты сөйлеп, музыка тыңдап, үлкен кісілерге орын бермей, қоқыс тастап кету секілді келеңсіз жағдайлар орын алады. Осындай жайттар адамдар арасындағы сыйластықты әлсіретеді.
Жолаушылар арасында сыйластықтың болмауы түрлі келеңсіз жағдайларға алып келеді. Мәселен, орын үшін жанжал, дөрекі сөйлеу, дабырлап телефонмен сөйлесу немесе ішімдік ішіп міну – мұның бәрі қоғамдық мәдениеттің төмендігін көрсетеді.
Жастарға қоғамдық көліктегі мәдениетті үйрету мектеп қабырғасынан басталуы керек. Бұл бағытта ата-ана тәрбиесі, мұғалімнің үлгісі және әлеуметтік желілер әсері үлкен рөл атқарады. Бұл ретте бірнеше маңызды бағыттарды ерекше атап өтуге болады. Ең алдымен, білім беру арқылы тәрбиелеу маңызды рөл атқарады: мектептер мен колледждерде қоғамдық орындардағы мінез-құлық тақырыбында сынып сағаттары мен арнайы тәрбие сабақтарын өткізу арқылы жастардың санасында мәдениеттілік негіздерін қалыптастыруға болады. Сонымен қатар, ересек ұрпақтың рөлі де ерекше: ата-аналар мен мұғалімдер өз күнделікті әрекеттерімен жастарға үлгі болуы қажет. Мысалы, қоғамдық көлік ішінде баласының көзінше үлкен кісіге сыпайылықпен орын ұсыну немесе кезекте тұрғанда тәртіп сақтау секілді қарапайым әрекеттер жасау қажет. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау да маңызды рөл атқарады, қоғамдық мәдениет туралы бейнероликтер, мақалалар мен әлеуметтік жарнамалар жастар арасында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
Қоғамдық көліктегі мәдениет - бұл тек ереже ғана емес, адамның ішкі тәрбиесінің көрінісі. Жас ұрпақ кішкентайынан қоғамдық мәдениетті меңгеріп өссе, болашақта елімізде сыйластығы жоғары әлеуметтік орта қалыптасатыны сөзсіз.
Сымбат АЙДАРХАНОВА