Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр ауылда көкжиектер жайқалса

Әр ауылда көкжиектер жайқалса

Жапырақ жайған ағаштар - елді мекендердің сәні. Адамдар тірші­лік ететін ортаның нәрі. Көкке оранған ауылдарды көргенде «Шір­кін-ай, осындай жерлер көбейе берсе екен» деп іштей ойлап қоясың. «Атадан мал қал­ғанша, тал қалсын» деген де хал­ықтың бір даналық сөзі бар. Міне, осы ойлар көңілге оралған кезде менің есіме үнемі Сырдарияның жағасындағы Аманөт­кел ауылы еске түседі.
Аманөткел ауылының ажарын ашып тұрған, сәнін келтіріп тұрған осындағы жайқалған көкжелекке оранған алқап. Оны жергілікті жұрт, ел-халық  «Шын­далының бағы» деп атап кеткен. Шынымен де, екінің бірінің қолы­нан келе бермейтін осынау көгал­ды аймақ­ты жасаған осы ауыл­дың тумасы, төл перзенті, бүгінде қадірменді қарты Шындалы Әбдіраманов екенін білеміз.
Жоғарғы оқу орнын бітіріп, мамандық алып, Атаншиде, Тоқ­абайда, Жаңақұрылыста, Аралда ауылшаруа­шылығы саласында елеулі еңбек еткен азамат сыртта ұзақ жүрсе де, ту­ған жерге ора­лып, осынау бақты отырғыза бастаған екен. Айна­ласы аз жыл­да ол еккен жас талдар тамыр жай­ып, жайқалып өсіп, бір­те-бірте үлкен баққа айналды. Енді міне, ауылдың сәні болып қана қоймай, үлкен жолмен өткен жолаушылардың көзі мен көңілін сүйсіндіріп отыр. Осындайда ар­қалы азамат Шындалы Әбдіра­мановтың игі ісіне алғыс айтқың келеді.
Жақында Сырдың бойында­ғы ауылдарға барған сапарымда Шындалы бағын тағы да көрдім. Көкпеңбек болып ну орманға ай­нала бастапты. Сондағы ойым: Аралдың әрбір ауылында осын­дай көк желектер жайқалып тұр­са екен дейді. Туған жеріне қыз­мет еткен жанның тірлігі міне осын­дай болса керек-ті.
Иә, Шындалы малшаруашы­лы­ғы саласында мықты маман болып, аты шығып, атағы дүркі­реп тұрды. Сол еңбегі еленіп, Ар­ал ауданының Құрметті азаматы атанды. Қаншама мемлекеттік марапаттарға ие болды. Енді елге сыйлы азамат осы Аманөткелдің батагөй қарты. Көп­ті көр­ген Шәкең белгілі жур­­на­лист Жұмабай Жақып екеуі «Құт қонған, жыр қонған Аманөткел» атты қалыңдығы кереқарыс  кіт­ап шығарып, кейінгі ұр­паққа аманаттады.
«Әке көрген оқ жонар» де­ген­дей-ақ Шәкеңнің жолын баласы Қайрат абыройлы жалғап келеді. Ол бүгінде осы Аманөткел ауыл­ының әкімі. Ал тағы бір баласы Қарашалаң мек­тебінде директор. Олар­­дың да әке жолын жалғастырып, халқының нағыз жанашырына ай­нала­тынына сеніміміз мол.
Жеткерген ЖАСАНОВ,
еңбек  ардагері.
03 маусым 2025 ж. 122 0