Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналистика – жүрек таңдауы, Қорқыт-ата арман қалауы

Журналистика – жүрек таңдауы, Қорқыт-ата арман қалауы

Мен мектеп қабырғасынан бастап-ақ әдеби шығармаларға қызығып, жаңалықтар жүргізушілеріне ерекше қызыға қарайтынмын. Уақыт өте келе бұл қызығушылық жай әуестік емес, менің өмірлік жолым, болашақ мамандығым, тіпті тағдырым екенін ұға бастадым. Журналистика – тек ақпарат тарату емес, ол – үлкен жауапкершілік. Бұл саланы жүрегімен түсініп, шындықты қорықпай жеткізе алатын адам ғана нағыз журналист бола алады деп есептеймін.
Қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді көтеріп, оны халыққа дұрыс жеткізу – бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Бұл – шыншылдықты ту еткен, әділдік пен адалдықты серік еткен маманның миссиясы. Осындай маңызды міндетті атқаратын саланы таңдағаныма мақтанамын. Ендігі менің мақсатым арманымды жүзеге асыру, яғни Қорқыт- ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика бағытына оқуға түсу. Бұл универдің журналистика саласындағы беделі мен оқу базасының заманауилығы ,білім сапасының жоғарығы мені қызықтырады. Менің ойымша мен дәл осы университетте өзімнің мамандығымды толқытай жетік меңгеріп шығамын деп ойлаймын. Мен өзімнің қалаған мамандығыма және қалаған универіме түсу үшін күшімді салып дайындалып жүрмін.
Себебі бұл мен үшін арманыма бастар жол.
Иә, мен әлі Қорқыт-ата универінің студенті болмасамда ,мен өзімді бұл универдің болашақ студенті ретінде сеземін.
Нұрбану Талғатқызы,
11 сынып оқушысы
08 шілде 2025 ж. 149 0