Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін айыппұл салынды

Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін айыппұл салынды

Арал аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы (ӘҚБтК-нің 611-бабы 3-бөлігі) фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық  туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Ж. 29 қыркүйек 2025 жылы көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, «Toyota Vellfire» маркалы көлік құралымен Арал қаласы, Бақтыбай Батыр көшесі бойында өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.
Сот отырысында Ж. кінәсін толық мойындап, оқиға болған жерден қорыққаннан кетіп қалғанын, мүлдем көлік жүргізу куәлігін алмағанын айтып, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұраған.
Сот, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, айыппұл мөлшерін 30%-ға төмендетіп, 275 240 теңге айыппұл жазасын тағайындады.
Арал аудандық соты
14 қазан 2025 ж. 256 0