Тұмау ауруына қалай сақтанамыз?
 Тұмау ауруының алдын алу шараларының  ең тиімді және сенімді әдісі індет басталмастан бұрын тұмауға қарсы егілу. Егілу  40-70 % дейін ауруға шалдығуды азайтады. Вакцина ересектерді де, балаларды да тұмаудан қорғап қана қоймай, оның асқынуларынан және өлімнен де қорғай алады. Вакцина ауру басталған кезде оның өршуіне тосқауыл болып, аурудың кең тарап кетуіне кедергі келтіреді. Әсіресе,  иммунитеті төмен, әртүрлі аурулармен ауруға бейім келетін  60 жастан асқан адамдарға, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры аурулары, иммундық жетіспеушілігі бар ересектер мен балалар, әлсіз және жиі ауыратын балаларға, жүкті әйелдерге  тұмауға қарсы егілу тиімді. Вакцинаның тиімділігі бұл вирустың түріне және вакцинаның компоненттеріне  байланысты. Орташа есеппен алғанда вакцина 18-64 жас аралығындағы дені сау ересектерде инфекцияның шамамен 60 пайызын болдырмайды.
Тұмау ауруының алдын алу шараларының  ең тиімді және сенімді әдісі індет басталмастан бұрын тұмауға қарсы егілу. Егілу  40-70 % дейін ауруға шалдығуды азайтады. Вакцина ересектерді де, балаларды да тұмаудан қорғап қана қоймай, оның асқынуларынан және өлімнен де қорғай алады. Вакцина ауру басталған кезде оның өршуіне тосқауыл болып, аурудың кең тарап кетуіне кедергі келтіреді. Әсіресе,  иммунитеті төмен, әртүрлі аурулармен ауруға бейім келетін  60 жастан асқан адамдарға, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры аурулары, иммундық жетіспеушілігі бар ересектер мен балалар, әлсіз және жиі ауыратын балаларға, жүкті әйелдерге  тұмауға қарсы егілу тиімді. Вакцинаның тиімділігі бұл вирустың түріне және вакцинаның компоненттеріне  байланысты. Орташа есеппен алғанда вакцина 18-64 жас аралығындағы дені сау ересектерде инфекцияның шамамен 60 пайызын болдырмайды.2025 жылғы тұмаудан эпидемиялық маусым кезеңінде, үстіміздегі жылдың қыркүйек айының  18-ші жұлдызында  аудан тұрғындарының неғұрлым осал топтарына және медицина қызметкерлеріне, барлығы 6204 адамға  тұмауға қарсы  екпе жасалды.
Тұмауға қарсы  Ресей мемлекетінен шығарылған «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылды. Екпе салдырғаннан кейін кейбір адамдарда  уақытша жанама әсерлер болуы мүмкін. Яғни екпе орнында қызару және ауырсыну,бастың және бұлшық еттің ауруы, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жүрек айнуы тәрізді белгілер  болуы мүмкін, бірақ бұл  белгілер  уақытша, кейін тез жойылады. Тұмауға қарсы иммунитет 2-4 апта ішінде қалыптасады және 1 жыл бойы сақталады.
     Құрметті аудан тұрғындары,  тұмауға  қарсы қолданылатын вакцинаның маңыздылығын  ескере отырып, жыл сайын  осы жұқпаға қарсы екпе алсаңыздар  өзіңізді және жақындарыңызды тұмаудан  және оның асқыну жағдайларынан қорғай алатындарыңызды есте сақтаңыздар!
А.Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы 
Фото: Нұрболат Нұржаубай                                      
		





 
		 
		



