Өрт – тілсіз жау
2024-2025 жылдардағы қорытындыға сәйкес, аудан тұрғындары қауіпсіздік мәдениетінің артқанын айқын көрсетті. Маңыздысы – өрт салдарынан адам өлімі мен жарақат алу деректері тіркелмеген. Сондай-ак, табиғи немесе көмірқышқыл газынан улану жағдайлары болған жоқ. Бұл – профилактикалық жұмыстың нәтижесі деуге болады.Өртке қарсы қызмет мамандары жылды «көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы өрт қауіпті кезеңі» деп бөледі. Статистика көрсетіп отырғандай, дәл осы өрттің көбі жыл ішінде тұрғын үй секторында орын алады. Осындай өрттің кезінде көп адамдар жарақат алады және қаза табады. Барлық тұрғын үйдегі өрттің шығу себебі іс жүзінде адами факторларға байланысты болып табылады. Тұрғын үйдегі өрттің себептері қыста да, жазда да бірдей (тек қыста тұтанулардың айтарлықтай саны ақауы бар пештерден едәуір өсе түседі). Пәтерлер мен тұрғын үйлерде, пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына баса назар аудару қажет. Өрттің жиі шығу себептері пештің қатты қызуынан, қаланған пештердің жарықтардың пайда болуынан, от тұтандыру үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтарды пайдалану нәтижесінен, пеш аузынан шоқтардың түсіп қалуынан орын алады. Пешке жақын және тікелей оның үстінде тұтанғыш мүліктер мен материалдарды сақтауға, киім кептіруге болмайды. Бөлме пештерінің түтін жолдарына жиналатын күйелерді үш ай сайын тазалап тұрған жөн. Ертеректе салынған қала және аудан үйлерінің, электр желісі сымдарының қалыпты жағдайда емес екендігі ешкімге құпия емес. Адамдардың басқа баспанасы болмауынан, арнайы білім тәжірибесі болмаған соң, көпшілік жағдайда электрсымдарын өз күштерімен жөндеп, осындай үйлерде ары қарай тұруға мәжбүр.
Қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын ескере отырып Сіз өз мүлкіңізді, баспанаңызды, мүмкін өміріңізді сақтап қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан сіздің өміріңіз – Сіздің қолыңызда деп айтқымыз келеді.
Арал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі










