Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН КЕЗДЕСУ

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН КЕЗДЕСУ

Үстіміздегі жылы ел игілігіне жараған руханият орталығы бүгінгі таңда талай басқосулардың диалог алаңына айналғаны баршаға мәлім. Соның бір парасы ретінде жуырда өткен Арал аудандықбілім қызметкерлері кәсіподақ коммитеті ұйымдастырған мазмұнды шараны айта аламыз.Тәрбиелік мәні зор кездесуде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясындағы әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған қала мектептері мен балабақшаларының кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мүшелері жиналды. Нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған кездесуге аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Қанағат Әбдіхалыққызы мен Отбасын қолдау орталығының бөлімше басшысы Махмут Жақсылық көпшілікпен ой бөлісті. 
Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің кәсіподақ коммитетінің төрағасы Жұмабай Мейірманов сөз сөйлеп, дөңгелек үстелде талқыланған тақырыптың өзектілігін тілге тиек етті. Мұнан соң, «Жас толқын» кәсіподақ жастар қанатының жетекшісі Қырықбай Ұзақбайұлы қазіргі қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың белең алуы көпті қынжылтатынын алға тартып, мұндай жөнсіздіктерге жол бермеудің мәселесі қашанда күн тәртібінен түспейтінін ортаға салды. Сосын күнделікті өмірде жиі кездесетін зорлық-зомбылық төңірегінде мысалдар келтіріп, Ата Заңымызда басты құндылық саналған әрбір адам әлеуметтік желілерде жеке бас ақпараттарына мұқият болу қажеттігін айтты. 
Кездесу барысында №220 орта мектебінің кәсіподақ төрағасы Гүлмира Нұртуғанқызы зорлық-зомбылық салдарынан туындайтын мәселелерге жан-жақты тоқталып, әйелдер мен қыз-келіншектер әрқашан тағдыр тауқыметін тартып, жан сыздатар ауыртпалықтарға мойынсына бермей өздерінің мемлекет қамқорында екенін сезінулері тиістігін біліп жүрудің маңыздылығын алға тартты. Артынша Отбасын қолдау орталығының бөлімше бастығы Махмут Жұмабайұлы жалғыз басты және тағдыр тепрішін көрген әйелдерге көмек түрлерін атап өтті.
Шара соңында жиналғандар өз ойларын ортаға салып, бастамаға ұйытқы болған аудандық білімбөлімінің кәсіподақ төрағасына, басқа да құнды ойларымен көп нәрсені қаперге салған шығып сөйлеушілерге алғыстарын білдірді. 

А.ЖАЙШЫЛЫҚ
13 желтоқсан 2025 ж. 76 0