Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірі көз жұмды: БҚО-да екі бала менингитке шалдықты

Бірі көз жұмды: БҚО-да екі бала менингитке шалдықты

БҚО-да екі бала менингитке шалдықты. 10 айлық балада менингит ауруы 3 маусым күні анықталды.

Бала көппрофильді ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Бұл туралы Орал қаласындағы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасының өкілі Валентина Кенжеғалиева брифингіде айтты.
"Бала ауыр жағдайда жеткізілді. Оны аман алып қалу мүмкін емес еді. Ол 10 маусым күні қаза болды. Екінші жағдайда 9 айлық бала түсті. Оны дәрігерлер құтқарып қалды", - деді ол.
10 айлық бала өткір іріңді менингитке шалдыққан. Ол емделмейтін ауру. Адамға жұқпайды. 
Маман жаз басталысымен менингиттен сақтануға кеңес берді. Айтуынша, жемісті жумай жегенде, көпшілік жуынатын суда менингит жұғуы мүмкін.

http://stan.kz  

12 маусым 2019 ж. 671 0