"Жағдай біз ойлағаннан да қиын екен": Кәсіпкер Айдын Рахымбаев Арыстың жағдайын айтты

Оның айтуынша, оларға 100 үйді жөндеуге тапсырма келген. Олар қазір жұмысын бастап жатыр.
"Мұндай техногендік апаттар қазіргі замандағыда жиі кездеседі. Жапонияда да атом электр станциясынан зақым келген еді. Сондықтан мұндай жағдайда елдің басшылығын айыптамау керек. Қала тұрғындарына көмектесіп, екінші рет қайталанбау үшін алдын алу керек. Қайта жарылыс күндіз, елдің бәрі жұмысқа кеткен уақытта болған. Түнде болса, жағдай басқаша болар ма еді", - деді Айдын Рахымбаев.
Айта кету керек, бұрын BI Group компаниясы Арыс тұрғындарына көмек ретінде 100 миллион теңге бөлді. Құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев бұл қаражаттың кем дегенде 100 үйді қалпына келтіру үшін жеткілікті екенін айтты.