Air Astana жүк тасымалдау ережелерін өзгертті

Егер бұрын саяхаттау кезінде жалпы салмағы 23 келі болатын екі сөмке алуға болатын болса, қазір 23 келілік бір сөмке ғана рұқсат етілген. Екінші сөмке үшін, яғни жолжүктің екінші бөлігі үшін, сіз жолжүктің жалпы салмағына қарамастан, қосымша ақы төлеуіңіз керек.
Тарифке байланысты сіз өзіңізбен бірге бір немесе екі сөмке алып кете аласыз. Болмаса багажсыз саяхаттауға тура келеді. Бір сөмкенің ең үлкен салмағы эконом класста - 23 келі, бизнес-класста - 32 келі.
"Егер сізге көп жүк керек болса, ұшып кету уақытынан 24 сағат бұрын «Брондауды басқару» бөлімі, брондау және ақпарат орталығы, билет кассалары немесе туристік агенттіктер арқылы 30% жеңілдікпен жүк тасымалдау тарифін сатып ала аласыз", - дейді компания.