
Жемісті еңбегімен танылған Жасұлан
Елдің өркенін ерекшелеп көрсетіп, даму деңгейін дәлелдеп, көзге ұрып тұратын керемет дүниелердің бірі – құрылыс саласы дер едім. Расында тақтайдай жол мен халыққа жасалған ең қолайлы жағдайлар, зәулім-зәулім құрылыс нысандары мен тұрғын үйлер, олардың бірізді орналасуы мен көрер көзге тартымды көрінуі қандай...












