
Түркиядағы зілзала кезінде бір қазақстандық жоғалып кетті
Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады. Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген. Қазір оны іздеу жұмыстары жүргізілуде. «Достар, біздің...














