Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 48 жолаушыны құтқарған семейлік азаматқа кәсіпкер 1 млн теңге берді

48 жолаушыны құтқарған семейлік азаматқа кәсіпкер 1 млн теңге берді

Семей әкімі 48 жолаушыны құтқарған Ержан Амархановпен кездесті, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Қала әкімі Ермак Сәлімов құтқарушы азаматқа алғысын білдірді.
«Кез келген адам сен секілді азаматтық таныта бермейді. Сен ерлік жасадың. Алғысымыз шексіз», – дейді қала әкімі.
«Гордорстрой» ЖШС директоры, кәсіпкер Бауыржан Қайрамбаев Ержанға 1 млн теңге табыстады.
Қала әкімі Ержанның отбасына алдағы уақытта да қолдау көрсетіп тұратынын айтты.
Айта кетейік, Ержан Амарханов Ресейді 48 жолаушыны құтқарып қалған еді. Ол жолаушыларды құтқару үшін автобус жүргізушісін соққыға жыққанын, оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын. Жолаушыларды құтқару барысында 1,4 млн теңгесінің жанып кеткенін айтқан болатын. Осы оқиғадан соң ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов Ержанды бағдарламасына шақырған еді. 
Stan.kz
15 тамыз 2018 ж. 1 090 0