Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин мен Әлімханұлы әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына кірді

Головкин мен Әлімханұлы әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына кірді

Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік елу боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды. Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ, үшіншісі мексикалық Сауль Альварес болды. Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді.

Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингі бойынша Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-орынға табан тіреді.

Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы бір дивизионда WBO белбеуінің иегері.
17 қаңтар 2023 ж. 913 0