Мирас аудан мерейін үстем етті
2026 жылдың 20–24 ақпан күндері Астана қаласында грек-рим күресінен U-17 жасөспірімдер және U-20 жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.Осы дүбірлі додада олимпиадалық резерв даярлау орталығының спортшысы, аралқұмдық Мирас Махамбет 65 келі салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, І орын иегері атанды.
Бұл – тынымсыз еңбектің, табандылық пен жігердің жемісі.
Мирасты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел мерейін асыра берсін!
"Толқын" ақпарат









