Боксшы қыздарымыз аудан абыройын асқақтатты
2026 жылдың 25 ақпан – 2 наурыз күндері аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған кіші жасөспірім қыздар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған дүбірлі додаға №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің екі спортшысы қатысып, аймақ намысын абыроймен қорғады.
Айым Оразғалиева — 40 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, Жания Уткелбаева — 67 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер болды.
Айым — Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясының түлегі. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп – интернат колледжі 7-сыныбында білім алуда.
Жания — №83 орта мектептің 8-сынып оқушысы.
Спортшылардың жаттықтырушысы — Мақсат Мыңжасаров (№19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі).
Жеңіс жалуын желбіреткен жерлестерімізді құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз.
Арал аудандық спорт бөлімі









