Тазалық деген ортақ іс, біреуге неге артамыз?
«Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» дейміз ғой. Бірақ бір шағын ғана ауылда мынадай оқиға болған деседі. Қайда жүрсе де тату-тәтті, ауызбіршілігі жарасқан бір отбасы болса керек. Олардың осындай тұтастығына бүкіл ауыл таңданатын көрінеді. Бірде көршісінің әйелі сол үйге келіп, отбасының отанасымен әңгіме айтып отырғанда, жолдасы жұмыстан үйіне келеді. Киімін шешіп, үйге енген ер-азамат байқаусызда үстел үстіндегі шыны ыдысқа тиіп кетіп, ыдысты сындырып алады.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
Бұл әрекетіне өкінген отағасы:
– Байқамай қалдым, – деп өзін кінәлі санайды. Осы сәтте орнынан асығыс тұрған жұбайы да:
– Кешіріңіз, асығыста шетіне қоя салыппын-ау, – деген күйі шыны ыдыстың сынықтарын жинай бастайды. Осы сәтте көрші келіншек «е-е-е, кінәні өзгеден емес, өзімізден іздесек, соңы баянды болады екен-ау» деп ой түйген көрінеді.
Осы бір ғибратты әңгіме маған ой салды. Бүгінгі таңда көктем жылт еткеннен қар астынан қылаң беретін қалдықтардан қаланы тазарту мәселесін сөз еткім келеді. Өркениетті елдерге қарап бой түзеген Аралдың да тазалығы талапқа сай болуы қажет-ақ. Нақтысы, тазалық – тек атқарушы биліктің ғана басын ауыртатын шаруа емес, көптің ортақ ісі. Атадан балаға мирас болып жеткен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген тәмсілдің түп-төркіні де осында жатыр.
Әрине, қала тазалығына жауапты азаматтар мен мекемелер бар. Жыл бойына уақытпен санаспай жұмыс істеп жүрген ол жандардың атқарған жұмысының куәгеріміз. Дегенмен, барлық салмақ пен міндетті соларға артып салмай, өзіміз де қаланың тұрғыны ретінде баршамызға жүктелетін міндеттің алдында адал болғанымыз жөн-ақ. Себебі тазалық тазалаудан емес, шашпаудан екені – ақиқат.
Осы тұста алдағы көктем-жаз маусымындағы тазалық жұмыстарына зер салсақ деймін. Көнеден қалған «бір тал кессең, он тал ек» деген аталы сөзді назарда ұстасақ, қала тазалығы ғана емес, деннің саулығы мен рухтың байлығына да кенелер едік.
Қазақта мынадай тағы бір керемет әңгіме бар. Үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала үнемі сол алма ағаштың көлеңкесінде ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Бала да, ағаш та осы көріністі жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Балалығынан алшақтағалы ағаштан да алыстап кеткен бала бір күні осы жерге қайтып келеді. Бірақ көңіл күйі жоқ болатын.
– Менімен ойнашы! – деп сұрайды ағаш.
– Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді. Қазір мені басқа нәрсе қызықтырады, бірақ оларды сатып алу үшін ақшам жоқ, – дейде ержетіп қалған ол. Сол кезде алма ағашының:
– Қап, менде де ақша жоқ. Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақшалы боласың, – деген сөзін естіген ол қуанып, алмаларды жинайды да, тағы да кете барады. Және ұзақ уақытқа кетеді. Ағаш қайтадан көңілсіз күйге түседі. Күндердің күнінде «енді қайтып келмейді» деп ағаш күдерін үзген уақытта әлгі жас жігіт үлкен азамат болып тағы келеді. Ағаш қуанады. Бірақ ағаштың қуанышын елемеген жігіт бұл жолы да көңілсіз күйде:
– Жұмыс істеп, бала-шағамды асырауым керек. Үй тұрғызуым қажет. Көмектесе аласың ба? – дейді. Сонда ағаш:
– Кешір… Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады, – дейді көмегі тигеніне қуанып.
Айтқаны сол-ақ еді, алма ағашы бұтақтарынан айырылып, қаусап қала береді. Бұл жолы алдыңғы өткен күндерінен де ұзаққа жалғыз қалады. Бірақ ағаштың жанына тағы да бір кездегі ержігіт қайтып келді. Бұл жолы қартайыпты. Ағаш та кәрілікке мойынсұнғандай көңілсіз ғана:
– Балам, кешір. Саған беретін еш нәрсем қалмады. Алмам да жоқ, үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ. Саған енді қажетім бола қоймас. Менде қалғаны – тек кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана, – деп ауыр күрсінеді. Сонда жанына келген қария да бір күрсініп алып:
– Алма ағашы, менде қазір алма жейтін тіс те, асыр салып ойнайтын балалық шақтағы қимыл да қалмады. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты, – деп құлай кетеді. Әлгінде ғана көңілсіздікке бой алдырған ағаштың бойын қуаныш кернеп:
– Білесің бе, кәрі ағаштың тамырлары демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой, – дейді. Адам да ағаштың түбіне отыра кетіп, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса, адамның бақытын көріп қуанады.
Осынау ақиқатқа бергісіз аңыздың астарында қаншалықты әсерлі дүние жатыр десеңші. Балалығымыздан өміріміздің соңына дейін қажетімізге қолданатын ағаш отырғызсақ, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз хадисінде «Кімде-кім бір тал ексе, Алла тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше, оған сауап жазады» дегендей, сауапқа кенеледі екенбіз. «Тазалық – иманның жартысы» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Ендеше, айнала тазалығы ортақ абырой екенін жадымызға тоқып жүрейік. Сана тазаланбай, қала тазаланбайтынын ұмытпайық.