Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Қазалы мен Қармақшы ауданындағы барлық науқас айықты, облыста жазылғандар саны 180-ге жетті

COVID-19: Қазалы мен Қармақшы ауданындағы барлық науқас айықты, облыста жазылғандар саны 180-ге жетті

Kyzylorda-news.kzҚызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 180 адамға жетті.
13 мамыр 10:30-дағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 8 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы ауданының тұрғындары.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында 6, Қазалы мен Қармақшы аудандарында 1 науқастан айыққан.
Ерекше атап өтерлігі – екі аудандағы осы індетке шалдыққан науқастардың барлығы, атап айтқанда, Қазалыдағы 3, Қармақшыдағы 5 науқастың барлығы жазылып, үйлеріне шықты.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 180 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.


13 мамыр 2020 ж. 451 0