Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаев Арал ауданаралық ауруханасының психо-неврологиялық бөлімшесінде болып, медицина қызметкерлерімен жүздесті. Кездесу барысында өңір басшысы бөлімшенің қазіргі жағдайы, мамандар мен құрал-жабдықтармен қамтылуы, аурулармен жүргізіліп жатырған жұмыстар мен түйіткілді мәселелер жөнінде сөз қозғады.
Өз кезегінде аудандық арухананың бас дәрігері М.Ршымбетов аталған бөлімше тарапынан орын алған кемшіліктерді болдырмау барысында тиісті шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар ұйымдастырылғандығын хабарлады.
Одан әрі аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесіне бет алған аудан әкімі бөлімше меңгерушісі, инфекционист дәрігер Ж.Жақсылықовпен кездесіп, коронавирус індетін жұқтырған аудан азаматтарының жағдайларын сұрады. Сонымен қатар, ауданымызда осы аталған вирусқа шалдыққан алғашқы науқастың тіркелген күнінен бері бір жарым айдан аса үйлеріне бармастан науқастармен бірге болған ұжымға алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
02 маусым 2020 ж. 552 0