Қарақұмда оқырман қатары көп

Жалпы, аудан орталығынан 100 шақырымға жуық шалғай орналасқан құтты мекен қай кезде де жаңалықсыз емес. Анау бір жылдары ең өзекті мәселеге айналған жолдың басталғанын жарыса жазғанымыз бар. Ара-тұра жұмыс сапарымен сондағы білім ұясына бас сұққанымызда, жаңашылдықтың лебін сезініп, мектеп басшысы Шәрбану Жанкүшікованың игі бастамаларына, толымды тірліктеріне тәнті болып қайтатынбыз. Міне, сол құмдағы білім ошағының ұстаздары аудан айнасын тағы бір мәрте бір кісідей таңдады.