CОVID-19: Қызылордада жаңа шектеулер енгізіледі
Kyzylorda-news.kz. Маусым айынан бастап Қызылордада да карантиндік талаптарды жеңілдетудің алтыншы кезеңі іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған сәйкес бірқатар ұйымдар өз қызметін қайта жандандырып, бұрын іске қосылғандарының жұмыс уақыты ұзартылды. Шектеу шаралары жеңілдетілгелі өңірде CОVID-19 жұқтыру деңгейінің өскені байқалады. Аймақ бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500-ге жетіп қалды. Науқастардың басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр. Қалыптасқан жағдайға орай эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша жаңа шектеулер енгізілмек. Қазірдің өзінде «Қамбаш» демалыс аумағы мен жазғы балалар лагерьлерінің ашылуы кейінге шегерілді.
«Бүгінгі күні Қызылорда облысында эпидемиялогиялық ахуал тұрақсыз деп бағаланады. Сол себептен аймақ тұрғындары сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, қорғаныс құралдарын үнемі пайдалану қажет. Расында тұрғындар арасында бетпердле тақпау жағдайлары кездеседі. Осы мәселеге орай тиісті органдармен шаралар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, жергілікті атқарушы органдармен бірге біздің сала мамандары, полияция қызметкерлері және «Атамекен» Кәсіпкерлік палатасының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен біріккен мониторингтік топтар жұмыстарын жалғастыруда. Бұл топ бойынша күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыста полиция қызметкерлері мен сарбаздардың патрульдік жұмыстары күшейтілді. Себебі соңғы аптада аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейден бірнеше есеге жоғары болды. Сол себептен біз күшейтілген ережеге көшуге мәжбүр болып отырмыз», – дейді Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова.