Аудан әкімі Абай және Жіңішкеқұм елді мекенінде болды

Одан соң аудан әкімінің сапары Жіңішкеқұм елді мекенінде жалғасты. Бұл ауылда да жергілікті тұрғындармен жүздесіп, өзекті деген мәселелерге құлақ түрді.
Аудан әкімі елді мекендерді аралау барысында орта мектептерге барып оқу процесінің өтуі және ғимаратқа жылу берілу жағдайымен танысып шықты. Айта кетейік, Абай елді мекеніндегі № 59 орта мектебі қашықтан оқыту форматында жұмыс жасауда, ал Жіңішкеқұм елді мекеніндегі №230 орта мектебінде оқу процесі дәстүрлі түрде өткізілуде.Екі мектепте де маусым басталғалы жылу тұрақты түрде беріліп келеді. Қыс мезгіліне қажетті отын қоры жасақталған.
Сонымен қатар, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық бекеттерге арнайы бас сұғып, дәрі-дәрмек қорының сақталуын зерделеп шықты. Дәрігерлерге алғашқы медициналық көмек үшін қолданылатын қажетті дәрілердің жеткілікті болуын, дәрі тапшылығын болдырмау қажеттігін тапсырды. Жіңішкеқұм елді мекеніндегі жедел жәрдем автокөлігіне қажетті автобөлшектерін ауыстыруға тиісті қаржы бөлінетіндігін айтты.
Аталған елді мекендерді аралап, тыныс-тіршілігіне қанық болған соң пандемияның екінші кезеңіне әркез дайын болу керек екендігіне тоқталып, тұрғындарға өз денсаулықтарын сақтау үшін қауіпсіздік ережелерін орындаудың маңыздылығын айтып өтті. Сондай-ақ, карантин талаптарына сәйкес, көпшілік орындарда жиналмауды және той-томалақ сынды дәстүрлі шараларды шектеп, өткізбеуді бұл жөнінде халық арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

