Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласында ауызсу бағасы арзандады

Қызылорда қаласында ауызсу бағасы арзандады

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһардағы бірқатар нысандарда болды. Аралауды алдымен күрделі жөндеуден өткен «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің қазіргі тынысы мен жұмысын көруден бастаған қала басшысы жаңарған ғимараттың жаңалықтарына оң баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Мекеме ғимараты 1964 жылы бой көтерген. Содан бері жөндеу көрмеген нысанның тозығы жетіп, қызметкерлердің жұмыс істеуіне айтарлықтай қиындық туындаған. Былтыр жарты ғасырдан астам тарихы бар ғимараттың жаңа кейіпке енуіне «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасының шарапаты тиді.
Бағдарлама аясында бөлінген қаржыға су жүйесінің өндірістік техникалық базасы жаңғыртылып, ғимараты жөнделді. Мекеме ауласы асфальтталып, цех және гаражы қалыпқа келтірілді. Сонымен бірге мекеменің тағы бір жаңалығы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сауалдарын қабылдауға арналған диспетчерлік бөлім құрылған. Артықшылығы су жүйесінің мамандары бұрынғыдай үй-үйді аралап, тұрғындар қарызын жинаумен айналыспайды. Суға қарызыңыз болса қоңырау шалып не болмаса, хабарлама жазу арқылы ескертеді. Ал тұрғындар қарызының бар жоғын анықтағысы келсе орталықтың байланыс номеріне хабарласып, ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Аралау барысында мекеменің бүгінгі өзгерісі мен қол жеткен жетістігінің барлығы мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдаудың нәтижесі деген қала әкімі: «Ғимараттарыңыз жаңарды. Ендігі ретте тұрғындарға үздіксіз қызмет көрсетіп, сапалы ауыз сумен қамту керек», деді ол. Сонымен бірге  қызметкерлердің айлығын уақытылы төлеп, үздік жұмысшыларға сыйақы беруді де үйлестіру керектігін де атап өтті. Сондай-ақ тұрғындармен тілдесіп, мекеменің қызмет көрсету сапасы жайында пікірлесті.
Өз кезегінде мекеме басшысы Марат Жәмиев қызметкерлердің айлығы бұрын 6-7 айға дейін кешіктірілсе қазір бір жүйеге келіп қалғандығын айтып, саладағы жағымды жаңалықтың бірі қаладағы ауызсу тарифы арзандап, 61 теңгеден 44 теңгеге төмендегендігін жеткізді.
18 ақпан 2021 ж. 278 0