Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Жетес би, Райым, Қосжар елді мекенді аралады

Аудан әкімі Жетес би, Райым, Қосжар елді мекенді аралады

Аудан әкімі Серік Сағитжанұлының жұмыс сапары Жетес би, Райым, Қосжар ауылдық округтерінде жалғасты. Аталған округтерді аралау барысында ауылдағы мектептер мен мәдениет үйі ғимаратында жергілікті халықпен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, мектептердегі жазғы оқу тоқсанындағы оқушылармен және шағын орталық тәрбиеленушілермен жүздесіп, жағдайларын сұрады.
Сапар барысында Райым округіндегі Қызылжар елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірдің және орташа жөндеу жұмыстарын қажет ететін елді мекенге кіре беріс авто жолының жағдайын көрді. Сонымен қатар, Сырдария өзенінен бастау алатын «Бектау» каналының басына барды. Қазіргі таңда каналда су жоқ. Каналды тереңдетіп қазып, 2 көзді шлюз салуды қажет етеді. Себебі, каналға су толғанда бірнеше гектарды құрайтын шабындық жерлер суландырылады. Бұл мәселеге байланысты арнайы жұмысшы тобын құрып, каналдың тиімділігін зерттеп, тиісті шешім қабылдауды тапсырды.
Аудан басшысы жұмыс сапарының соңында Қосжар ауылдық окургіндегі «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты. Аталған питомникте тұқы, ақ амур және дөңмаңдай балықтарының шабақтары өсіріледі. Алдымен цехтағы уылдырық шайқау процесі мен балық өсіру тоғанындағы өндіруші (аналық) балықтарды аулау жұмыстарын көрді.
Атап өтейік, питомник жылына 50 млн. дернәсілді өсіруге қауқарлы. Жалпы балық өсіретін 11 тоған бар, оның 2-еуі қыстық тоған.




Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

03 маусым 2021 ж. 426 0