Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдік мәжілісі өткізілді

Әкімдік мәжілісі өткізілді

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің төрағалығымен кезекті әкімдік мәжілісі өткізілді. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе талқыланды.

Жиынға дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.

Алдымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2021 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т.Рашев баяндады.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіп өндірісінің, өңдеу өнеркәсібінің өнімдері және негізгі капиталға салынған инвестиция көрсеткіштері төменгі деңгейді көрсетіп отыр. Аталған көрсеткіштердің төмендеуінің негізгі себебі өткен жылмен салыстырғанда «Аралтұз» АҚ-ның аз өнім өндіруі мен «Қамқор Локоматив» ЖШС-нің аз қызмет көрсетуінен болып отыр.

Аудан басшысы экономикалық дамудың барлық көрсеткіштеріне қанық болған соң жауапты сала басшыларына төменгі көрсеткіш көрсеткен салалар бойынша оң параметрлерге қол жеткізу үшін тіркелген және жұмыс жасап тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын нақтылау, бюджет есебінен және жеке кәсіпкерлер қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыс нысандарының, балық, мал шаруашылығы жұмыс жасайтын шаруашылықтардың техникалары бойынша есептіліктерін дұрыс, сапалы және уақытылы жолдау жөнінде тапсырма берді.

Мұнан соң екінші мәселе кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Бекболов хабарлама жасады.

2021 жылдың 1 қарашасына ауданымыз бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда өсім бар екені аталды.

Аудан басшысы алдағы уақытта құрылыс, мәдениет, білім, ауылшаруашылық, спорт және денсаулық сақтау салалары бойынша бөлім басшыларына кәсіпкерлікті дамытуды қолға алуды тапсырды. Осы ретте, кез-келген салада кәсіп ашқысы келетін адамға барлық жағынан қолдау көрсетіліп, ауданымыздың өндіріс саласында алға жылжудың болуы керектігі айтылды. Сонымен қатар, Қосаман, Жіңішкеқұм, Атанши ауылдық округтеріндегі балабақшаның жоқтығы аталып, ғимарат құрылысын жүргізу үшін тиісті сала басшыларына және округ әкімдеріне кәсіпкерлермен бірлесіп, аталған жұмыстардың барлығы дерлік өңір халқының игілігі үшін жасалу керегін жеткізді.
Бұдан бөлек, аудан көлемінде жылыжай мәселесін дамыту қажеттігіне тоқталған аудан басшысы кәсіпкерлік саласының көрсеткіштері бойынша жыл соңында мониторинг жүргізіп, баға берілетіндігін айтты.

Мәжілісте қаралған үшінші мәселе Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша индикативті көрсеткіштердің орындалуы және ауыл шаруашылығы саласын дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы туралы болды. Бұл жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Жұбанов баяндады.

Баяндамашы аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің оның ішінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының өсімдеріне және мал шаруашылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тоқталып, аудан көлеміндегі ауылшаруашылығы саласының 2022-2024 жылдарға арналған даму жоспары жөніндеде айтып өтті.

Аудан басшысы кент және ауылдық округ әкімдеріне мал басын көбейтуге және асылдандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмыс жасауды жүктеді. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің жағасында орналасқан ауылдық округтердегі егін шаруашылығын сынға ала отырып, егістік көлемін ұлғайту жөнінде бірқатар мәселелер бойынша жұмыс жүргізуді тиісті сала басшыларына тапсырды.
Берілген тапсырмалар мен жүктемелердің барлығы аудан басшысы уақытылы әрі сапалы орындалуы тікелей бақылауында болатындығын айтты.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

03 желтоқсан 2021 ж. 322 0