Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қосымша білім беру орталығы ашылды

Қосымша білім беру орталығы ашылды

Бүгінгі бала – егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан, әр шәкірттің білімді болуы барлығымыз үшін маңызды.

Аудандық білім бөлімінің қолдауымен ауданымызда балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Айсауле» білім беру орталығы ашылды.

Аталған орталық - вокал, актерлік шеберлік, көркемсөз оқу, ағылшын тілі, кестелеу, мүсіндеу, бейнелеу және т.б үйірмермелерІмен қамтылған. Үйірмелерге балалардың қызығушылықтары бойынша қатысуы тегін.

Ертеңгі күннің нұрлы болуы, әлем халқының өзара тарихи байланысының дамуы, экономикасы, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, адамзатты алға жетелейтін күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән. Сондықтан, сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың міндеті болса, білімді, өнегелі адам болып қалыптасу - әр оқушының айнымас бағыты болуы тиіс.

– Біссіміллә деп игі істі қолға алдық. Мақсат біреу – саналы шәкірт тәрбиелеп, сапалы білім беру. Алдағы уақытта осы жолда аянбай қызмет жасаймыз, – деді құрылтайшы Мухамедяр Қуанышұлы.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: АРАЛ ҚАЛАСЫ, САРТАЙ БАТЫР КӨШЕСІ № 22 ҮЙ, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 8-702-552-41-67.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

08 желтоқсан 2021 ж. 1 003 0