ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Осы орайда, Тоқабай елді мекенінде Қазақ ССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арал ауданының құрметті азаматы Қуаныш Бердімағанбетовтың 85 жылдығына орай еске алу шарасы өткізілді.
Шара аясында ауыл орталығындағы жаңадан ашылған демалыс саябағында Қ.Бердімағанбетовтың ескерткіш мүсіні ашылып, орталық көшеге еңбек майталманының есімі берілді.
Театрландырылған қойылымнан басталған шарада марқұммен қызметтес болған, көзін көрген ақсақалдар еске алып, естеліктерімен бөлісті.